8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Сіздерді 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әйел – өмірдің гүлі, шаңырақтың шаттығы. Жүздеріңізден әр таймасын, көңілдеріңізден шаттық, бастарыңыздан бақ-құт кетпесін.

Өздеріңізді осынау шуақты мерекемен құттықтай отырып, мол бақыт, зор денсаулық тілейміз!

07.03.2023ж. Жоғары медициналық колледждің 11 "Мейіргерлік іс" тобы білім алушылары Қазақ әдебиеті пәні сабағын Ш.Қалдаяқовтің "Ана туралы жыр" әнімен бастады. Анаға деген құрмет, сағыныш сезімдерін әнмен жеткізіп, студенттер "Анама хат" тақырыбында эссе жазды, тілектерін білдірді. Барша аналарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!

06.03.2023 ж. Жоғары медициналық колледжде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Шараға 114 м/і қ. бакалавр тобы студенттері жауапты болды. 

03.03.2023ж. Жоғары медициналық колледжінде 27.02 – 02.03 аралығында «Студенттік Парламент» ұйымының Президенттігіне өзін-өзі ұсынған 6 белсенді студенттерге дауыс беру өз мәресіне жетті. Онлайн режимінде дауыс беру нәтижесінде білім алушылар келесідей дауыс жинады:

1. Касымова Азиза Кенесовна – 22  «Мейіргерлік іс»  – 41,8 %

2. Қасен Азамат Нурлыбекұлы – 21  «Мейіргерлік іс» – 28,4 %

3. Баймаханбет Расул Жунисбекұлы – 114 м/і қ.бакалавр – 8,5 %

02.03.2023 ж. Жоғары медициналық колледжде кәмелеттік жасқа толмаған студенттер арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық қылмыстың алдын алу» атты тақырыпта Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы Д.Шайпин, аға лейтенанты А.Акимжанов дәріс оқыды.

02.03.2023 ж. Жоғары медициналық колледжде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша «Ашық есік» күні өтті. Астана қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының 50 оқушысы қатысты.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс