8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Астанада 22 жастағы наркокурьер сотталды. Үлкен ақшаның орнына ол нақты мерзімге тап болады. Ал сот отырысының ерекшелігі – студенттер процесті тамашалады. Тәртіп сақшылары алдын алу мақсатында осындай жиын ұйымдастырды. Ол көмектесті ме?

  31.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Студенттік арбатта өткен мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы іс-шарасына қатынасты.

  Оқытушылар Р.М.Махамбетова, А.Б.Итигулова және білім алушылар мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар жайлы ақпаратты материалдар таратты, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

 30.05.2023 ж. Жоғары медициналық колледж 12 «Стоматология» тобының волонтер студенттері 01 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы Мамандандырылған Балалар үйіне барды.  

 Мереке күніне балаларға Аниматорлармен барып, олардың көңіл күйлерін көтерді. Қамқор болу, көмек қолын созуды азаматтық борыш санайтын білім алушыларға мекеме ұжымы ризашылығын білдірді. Қоштасар сәтте олар кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер таратты, балалар дән риза.

#Балалардықорғаукүні!

 30.05.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері Астана қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Кемеңгеров Азаматпен кездесті. Кездесу барысында студенттерге есірткі туралы бейне-ролик көрсетілді.

 Қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасында есірткі тасымалдау ісі өршіп тұрғандығын айта келе, білім алушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297- бабы «Есірткі және психотропты заттарды заңсыз таратқандар 20 жылға дейін немесе өмірлік қылмыстық жауапқа тартылатындығы» жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс