8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  23.09.2023ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың ата-аналары арасында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция Басқармасының ювенальді полиция бөлімшесінің  аға инспекторы, полиция майоры Мұсабекова Турсун Айкенқызы, учаскелік инспекторы полиция майоры Ғалия Төлегенқызы Шамаева, «Право» қоғамдық қоры заңгері Асель Асылбекқызы Нурбалиева, психологтері Амангельдіқызы Нұрай Хакимова Диана қатысты. Олар «Кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың құқық бұзушылығының алдын алу және ата-аналардың әкімшілік жауапкершілігі. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі», «Бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқып, бейнероликтер көрсетті. Ата-аналарға «Колледждің Ішкі тәртіп Ережесі» таныстырылды.

 2023 жылдың қыркүйек айында "Жоғары медициналық колледж" кітапханасында 1 курс білім алушыларына "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Кітапхана-табыс мекені" атты ашық есік күні өтілді. Іс-шара барысында студенттерді колледж кітапханасымен сондай-ақ кітапхана ережесімен таныстырылды.Кітапхана қызметкерлері білім алушыларға оқулықтар таратып ,оқырман формулярларын ашып тіркеді.

  Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 2023 жылға арналған негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің Медициналық колледжінде «Өрт кезінде колледждің оқу ғимаратынан эвакуациялау кезінде қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеті» тақырыбында оқу-іс шаралар жүргізілді

 

14.09.2023ж. Жоғары медициналық колледжде Отбасы күні аясында өткен апталықтың қорытынды іс-шарасы өтті. «Отбасы құндылығы сарқылмас қазына» атты байқау кезең-кезеңімен

- «Отбасым – бақытымның бастауы»

- «Даналарым жанұя жайлы толғайды»

- «Отбасылық салт – сарқылмас қазына»

- «Тыйымдар – тәрбие шыңы»

- «Қыз бала тәрбиесі – аналардан мұрағат, ұл бала тәрбиесі – бабалардан ұлағат» тақырыптарында презентация қорғау, «Отбасым – алтын бесігім» тақырыбында жас ақындар өлең шумақтарын оқу, өз өнерлерін көрсету бойынша жүргізілді. Нәтижесінде:

                                                           І орын 116 м/і тобы

                                                           ІІ орын 112 м/і тобы

                                                           ІІІ орын 111 м/і тобы

                                                           ІІІ орын 113 м/і тобы

Құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.09.2023ж. Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттері арасында «ОТБАСЫ КҮНІНЕ» орай «Бақытты отбасы – зорлық зомбылықсыз әлем» атты семинар-тренинг өтті.

 Семинарды «Право» ҚҚ психологі С.Қ.Қабылбай, заңгер А.Е.Рамазан өткізді. Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орнатуға бағыттау, адамгершілікке, еңбекке, әдептілікке, ізгілікке үйрету, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу бағытында ұйымдастырылған семинар-тренингте білім алушыларға отбасылық құндылықтарды насихаттады.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс