+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

25.04.2023 ж. күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК педагог-психолог Р.М.Құлахметова мен психология пәніның оқытушысы Ж.С.Карабаеваның ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету  мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған 111м\і, 112м\і, 113м\і, 114м\і, 115м\і, 116 м\і, 117 м\і. топтарының арасында «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өтті.

2023 жылдың 24сәуірде Астана қаласы "Жоғары медициналық колледж" кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында 1курс студенттерімен "Кітапты бірге оқимыз" атты библио-кросс өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақты Отансүйгіштікке,ақын-жазушылардың шығармаларын дәріптеп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жас ұрпақтың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ нұр үстіне нұр емес пе. Сондықтан біз кітапты қадірлеп жансерігімізгеайландырайық.

21.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж ағымдығы жылдың 08.04 - 06.05 аралығында өтіп жатқан «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында студенттер арасында «Эко-сән – 2023» байқауын өткізді.

20.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламент Дебат фракциясының студенттері «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің» базасында медициналық колледж студенттері арасында Британ Парламенттік Форматында өткен қалалық «MEDI CUP» турниріне қатысты.

Жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2022-2023 оқу жылының 18-28 сәуір аралығында өткізілетін «Қоғам және денсаулық» атты онкүндік марафон аясында 20 сәуір күні кәсіби орыс тілі оқытушысы Джолдинова Калия Калыбековна мен кәсіби шет тілі пәні оқытушысы Шмаева Күлайша Калниязовнаның ұйымдастыруымен 11 мі тобында «Үш тіл патшалығы» атты композициялық іс-шара өткізді. Іс-шара тұрғыдан дұрыс құрастырылған, инновациялық технологияның интербелсенді әдістер мен тәсілдері қолданылды. Студенттерге іс-шара  өте қызықты, патриоттық сезімге толы болды. Студенттер үш тілде де сөйлеп, мәнерлеп оқып, ән айтты. Осылайша студенттер өздеріне де, өзгелерге де тілге деген құрмет, Отанға деген патриоттық сезімді дәріптей білді.

Жоғары медициналық колледжде жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2022-2023 оқу жылының 18-28 сәуір аралығында өткізілетін «Қоғам және денсаулық» атты онкүндік марафон аясында 19 сәуір күні оқытушы Акпаева Жанат Сакеновна 12 «Мейіргер ісі» тобында биология пәні бойынша «Цитологические основы наследования признаков. Решение задач» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің педагогикалық технологиялары (ынтымақтастық технологиясы, дамыта оқыту технологиясы) қолданылды. Сабақ қызықты да, әсерлі өтті. Студенттер белсене қатысып, биология пәніне деген қызығушылықтарын көрсетті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс