+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

13.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Астана қаласы «Алматы» ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Айтымов Дамир Тастыбайұлы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдері Қайдар Мирас Қабиденұлы, Марлен Айдарқұл және «Алматы» ауданы Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы Д.Шайпинмен кездесу өтті. Ашық форматта өткен кездесуда жастар арасында дін мәселесі жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүрді. ҚР заңнамалық актілері туралы айтылды.

10.04.2023 - 15.04.2023 ж.   күндері «Жалпыкәсіптік пәндер» әдістемелік циклі әзірлеген «ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» атты апталығы өткізілуде. 

Апталықтың мақсаты: студенттердің пәндерге қызығушылығың арттыру, оқытушылар арасында тәжірибе мен алмасу, жыл бойы істеген жұмыстарының қорытындылауы.

Ғылым күнін мерекелеу аясында 12 сәуір күні аудан әкімі Мақсат Саматұлы ғылыми-академиялық, қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Жоғары медициналық колледжден арнайы пәндер оқытушылары,  дипломдық жұмыс, ғылыми-ізденіс үйірме жетекшілері: Жаупанова З.Ж., Аренова М.Б., Тургынова Ж.О., Ешетова Т.С. қатысты. Кездесу  барысында ғылыми-зерттеу бағытындағы сұрақтар көтереліп, жастар арасында ғылыми қызметті насихаттау мәселелері талқыланды.

2023 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласы "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК қабырғасында жалпы гуманитарлық пәндер оқытушысы К.К.Шмаева "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі" атты әдеби печа-куча өткізді. Аталған іс-шараға 11м/ і тобының студенттері қатысты. Бүгінгі таңда мемлекет дамуының басым бағыты қоғамның мәдениеті мен білім деңгейі. Жаңа ақпараттық қоғамда жастарға қойылатын талаптар артып келеді. Бірақ бүгінгі таңда елімізде кітап оқудың қалыптасқан моделі жоқ, ол даму, қалыптасу кезеңінде. Іс-шараның мақсаты: қоғамымызда кітап оқудың жаңа моделін құру кезеңінде заманауи прогресс пен дәстүрлі ақпарат көздерінің өзара әрекеттесуін көрсету.

Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледжінде" 2023 жылғы колледж түлектерінің жұмысқа орналастыру жәрменкесі өткізіліп, "Емдеу ісі", "Акушерлік ісі", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша 100% түлектер жұмысқа орналастырылды.

07.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж Студенттік Парламентінің Дебат фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Гендік модификацияланған өнімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтті. Британдық формат түрінде ұйымдастырылған дебаттың басты мақсаты сыпайы қарым-қатынас, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өзге адамдардың пікірін құрметтеу, дәлелдер келтіре отырып, кәсіби мамандыққа байланысты термин сөздерді қолдануды үйрену.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс