+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

25.03.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ-де жапон мәдениеті күніне орай өтіп жатқан іс-шараға қатысып, жапон елінің ұлттық киімдерін, икебана шайханасы, каллиграфия, кендама т.б. рәсімдерін сонымен қатар жапон фильмінің көрсетілімін тамашалады. Көрме студенттерге жақсы көңіл күй сыйлады, естелікке суретке түсті.

Құрметті әріптестер, студенттер мен түлектер! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ізгі ниетпен, Жоғары медициналық колледж әкімшілігі!

11 «мейірбеке ісі” тобы, Орыс тіл сабағы Жыл басы – Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды! Сіздерде келіп жеткен Әз Наурызбен құттықтаймын.Ақ мол болсын.Үйімізден береке кетпесін.Осы жаңа жыл тек шаттық алып келсін!

20.03.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 22 наурыз мерекесі қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мерекесінің ақ батасы беріліп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Мерекелік думанымыздың бет пердесін колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна құттықтау сөзімен ашып, жемісті жұмыс істеген оқытушыларға «Алғыс хаттар» тапсырды.

2023 ж. 17 наурыз күні  колледжде «Ғылыми жұмыстағы клиникалық зерттеу әдістері» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ғылыми іздену жұмыстары мейіргер ісіндегі маңыздылығын анықтау, дәлелденген зерттеулер бойынша білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау».

Дөңгелек үстелде қолданбалы бакалавр  ББ ІІІ курс 131, 133, 134  қ/бак. студенттері, дипломдық жұмыстар ғылыми жетекшілері және қолданбалы бакалавр бітіруші түлектері қатысты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс