8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

22 наурыз мерекесі қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті

20.03.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 22 наурыз мерекесі қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мерекесінің ақ батасы беріліп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Мерекелік думанымыздың бет пердесін колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна құттықтау сөзімен ашып, жемісті жұмыс істеген оқытушыларға «Алғыс хаттар» тапсырды.

Арнайы пәндер, жалпы кәсіптік пәндер, жаратылыстану-ғылыми әлеуметтік-экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер цикл оқытушылары мен студенттер қазақ халқының «Құда түсу», «Сырға салу, қыз ұзату», «Бесікке салу» салттарын көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Асханада арнайы білім алушыларға Наурыз көже, бауырсақтар таратылды. Ән салынды, күй тартылды, би биледі. Мереке соңында естелікке суретке түсіп, дән риза болып тарқасты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс