+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 28 сәуір күні тарих пәні оқытушысы Сулейменова Сара Нурсейтовнаның ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Ежелгі әлемдік медицина» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Студенттер әр елдің медицинасы туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы талқылап, ой бөлісті. Оқытушылар да өз пікірлерін ортаға салды.

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 26 сәуір күні денешынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен 123 еі тобы студенттері арасында «Үстел теннисі» бойынша ойын өткізді. Студенттер өте белсенділікпен қатысты. Сабақ өте жақсы өтті. Спортық ойындардың барлығы да қызықты әрі денсаулыққа пайдалы.

«Қоғам және денсаулық» атты 10 күндік марафон аясында 26 сәуір күні химия пәні оқытушысы Бозбаева Гулимжан Онаевнаның ұйымдастыруымен 11 еі тобында «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомалық аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер хромосомалық ауралар тарихын, себептері мен көріністері туралы жан-жақты мәліметтер берді. Оқытушының тапсырмаларын белсене орындап, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті. Сабақ өте жақсы өтті.

27.04.2023ж.  Жоғары медициналық колледжден 100 студент саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды. Мұражай кешенін аралау кезінде білім алушылар экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты. «Қасірет қақпасы», «Сталиндік вагон», «антикеңестік әрекеттерге баруы ықтимал, әлеуметтік қауіпті» деп танылған тұтқын әйелдер тұрған барак кез келген адамзат баласына үлкен ой тастары сөзсіз. Музей өкілдері тарапынан таныстыру жұмыстары жүріп, тарих қойнауынан фильм көрсетілді. 

26.04.2023 ж. күні түрде колледжішілік «ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ЖАҢАШЫЛ-2023» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Конференцияның мақсаттары мен міндеттері:

Білім беру бағдарламалары шеңберінде студенттер мен оқытушылардың интеллектуалды бастамасын дамыту.

Ғылыми ойлау жүйесін дамытудың алғышарттарын, өз қызметіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениет деңгейін көтеру;

Конференция 4 бағыт бойынша жүргізілді.

Ғылым және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс