+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

11.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттерімен Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдері Қайдар Мирас Қабиденұлы, Советов    Темірлан Жанатовичпен кездесу өтті.

«Экстремизм, терроризмнің алдын алу» тақырыбында өткен кездесуде мамандар студенттерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Білім алушыларға қоғамда орын алып отырған экстремизм-террорлық іс-әрекеттердің зардаптары жайлы айта келе, оларға ақпараттық материалдар таратты. Діни сауаттылық жайлы сөз қозғалды.

2023 жылдың 5 мамырда Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Жоғары медициналық колледж" кітапханасының оқу залында 9мамыр Жеңіс күніне орай "Ұлы Жеңіс күнімен"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: жастарды Отанға, еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Бейбіт өмірді жанымен,қанымен алып берген соғыс ардагерлерімізді қадірлеу.

06.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері  08 сәуір мен 06 мамыр аралығында «Жасыл Астана»   экологиялық айлық аясында өтіп жатқан жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында олар колледж маңы мен колледж жатақханасының айналасын тазалады. Ағаштардың астын қобсытты, әктеді.

Білім алушылар сенбілікке бір кісідей ат салысты.

#Senbilik

05.05.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында «Батырлар ел жүрегінде» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара Ұлы Отан соғысында Отан үшін жан қиып, құрбан болған бабаларымызды еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды.

 Мерекелік шарада колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы құттықтау сөз айтты. Сонымен қатар Цикл төрайымдары өз әріптестерін құттықтады, колледждің кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Артышева ер азаматтарға кәсіподақ атынан сыйлықтар табыстады.

 Студенттер концерттік бағдарлама аясында би биледі, ұлы Жеңіс күніне арналған әндерді орындады. 

 Батыр ұл есімдері ақталады

 Жыр болып жүректерде сақталады.

 Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

 Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 

 #9МАМЫРҰЛЫЖЕҢІСКҮНІ

03.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж 12 «Мейіргерлік іс» тобы студенттері 07 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласы колледж студенттері арасында өткізілген қалалық «Ерлік мәңгі есімде» әскери патриоттық әндер байқауына қатынасып, І - орын Мадақтамасымен марапатталды. 

Жарайсыңдар!

28.04.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 1 мамыр - Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігі күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға жауапты 111 м\і қ. бакалавр топ студенттері болды. Шарада колледж студенттері әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, ұлттық киімі мен тілін дәріптеді, әнін айтты, биін биледі. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстанның ұлттар достығын насихаттады.

Шара соңында әр топқа әкімшілік атынан «Мақтау қағаздары» тапсырылды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс