+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

 2023 жылдың 18 мамыр күні  «Шипагер» медициналық колледж ұйымдастыруымен Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында «ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ – 2023» атты кәсіби-зияткерлік сайысы өтті. Колледж атынан 131 е/і студенті Сұлтан Парасат және 132 е/і тобының студенттері  Жексенбинова Салтанат, Мыктыбаева Айдана қатысты.

 Сайыс 5 тур бойынша өткізілді:

 І тур: «Мен және 103»

 ІІ тур: «Блиц-турнир»

 ІІІ тур: Шұғыл көмекке арналған дәрілік заттар

 IV тур: ЭКГ тіркеу және интерпретациялау

 V тур: Жағдаяттық есептерді шешу

 VI тур: Жедел жәрдем көлігіндегі ауруханаға дейінгі алғашқы көмек

 Нәтижесінде, біздін студенттер ІІІ орынға ие болды. 

2023 жылғы 19 мамырдан бастап 2023 жылғы 29 маусымына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Кәсіпорынның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 2023 жылдың 17 мамырында Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының  Оқу-әдістемелік  бірлестігінің  жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен  ҚР жоғары медициналық колледждер студенттері арасында «Эрудит-анатом» атты республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. 

  Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

 1. Өтілген пәндер бойынша білім мен дағдыларды бекіту;

 2. Дарынды білім алушылардың интеллектуалдық дамуы мен қолдауына жағдай жасау;

 3. Өз бетінше жеке жұмыс істеу және кәсіби ойлау дағдыларын дамыту;

 4. Студенттерге адал бәсекелестік принциптерін үйрету.

 Олимпиада кешенді біріктірілген 43 тапсырманы орындауды қамтиды, олар: тест тапсырмалары – 20; логикалық тапсырмалар – 10; жағдаяттық тапсырмалар – 9, сызбалар мен   графикалық бейнелерге негізделген тапсырмалар – 4. Олимпиадаға 18 Жоғары медициналық колледжінен 33 студент қатысты.

 

 17.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің «Ашық есік» күніне қатысты.

 Колледж оқытушысы Гүлжан Өтегенқызы ата-аналарға колледж дайындайтын мамандықтар және колледж миссиясы мен жетістіктері туралы ақпараттық  материалдар тарата отырып, мазмұнды кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Видео-ролик көрсетіп, ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап  берді, колледжге қызығушылық танытқан ата-аналар болды.

13.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»  жобасы аясында өткен «Жасыл мекен» эко-челленджіне қатысты.

12.05.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 12 мамыр – Халықаралық Мейірбикелер күніне орай «Ақ халатты абзал жандар» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға жауапты 13 «Мейіргерлік іс» топ білім алушылары болды.

Мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген ақ халатты абзал жандар екендігін дәріптеді. Би биледі, ән айтты, медбике ісінің негізін салушы Флоренс Найтингейлдің өмірінен көрініс қойды. Студенттер қоғамда сұранысқа ие медицина мамандығы екендігіне тағы да көз жеткізді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс