+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

 01.06.2023 ж. 20 мамырдан бастап №2 қалалық емхана базасында Жоғары медициналық колледждің қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 122 м/і топтары оқу-өндірістік тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында студенттердің қарым-қатынас дағдылары қалыптасып, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жинақталады. 

 Топ студенттері 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне белсене қатысты: олар өздерінің барлық кішкентай емделушілерін мерекелерімен құттықтап, ойындар ойнап, тәттілер таратып, балалар мен олардың ата-аналарына жақсы көңіл-күй сыйлады.

 01.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК базасында өткен шараға қатынаты.

 Олар балаларға Диназавр кейпінде киініп, көңілді флешмоб биледі,  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, көңілдерін көтерді.

 #балалардықорғаукүні

Астанада 22 жастағы наркокурьер сотталды. Үлкен ақшаның орнына ол нақты мерзімге тап болады. Ал сот отырысының ерекшелігі – студенттер процесті тамашалады. Тәртіп сақшылары алдын алу мақсатында осындай жиын ұйымдастырды. Ол көмектесті ме?

  31.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Студенттік арбатта өткен мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы іс-шарасына қатынасты.

  Оқытушылар Р.М.Махамбетова, А.Б.Итигулова және білім алушылар мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар жайлы ақпаратты материалдар таратты, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс