+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

 2023 жылдың 26 мамырда Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК аясында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында "Оқу зиянды емес,оқымау зиянды" атты флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараны қазақ тілі оқытушысы Р.Разакованың ұйымдастыруымен, 12 "Меріргер ісі" тобының қатысуымен флешмоб көрсетілді.Бұл шараны көрсету мақсатымыз әрбір студентке кітапты сүйіп оқуға үйретіп, кітапты оқудың маңыздылығын насихаттау.

 

 25.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары «Экстремизм, терроризмнің алдын алу шаралары» атты тақырып аясында Астана қаласы ПД ЭҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны Тлеуғабыл Нұржан Тимурұлымен кездесті. Кездесу барысында оқытушылар алдымен қоғамда орын алып отырған экстремизм мен терроризмге байланысты видео-ролик көрді. 

 Нұржан Тимурұлы оқытушыларға экстремистік-террорлық іс-әрекеттердің алдын алу шаралары жайлы түсініктеме бере отырып, сауалдарға жауап берді. 

 23.05.2023ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологі Айымгүл Рахимжанова «Топты ұжымдастыру. Ойын терапия» семинар-тренингін өткізді. Тренинг барысында ұйымдастырылған ойындар мен тренингтер білім алушылардың көңіл-күйлерін көтерді.Шара өте қызықты өтті.

 

 23.05.2023 ж. Астана қ.әкімдігі "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК кітапханасында " Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру мақсатында тарих пәні оқытушысы Сулейменова Сара Нурсейтовна 113 мі тобы студенттерімен жарна өткізді. Мақсаты студент жастар арасында кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

 

 

 22.05.2023ж. «Салауатты ұлт» 2021-2025 жылдарға арналған «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңбері аясында Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Жоғары медициналық колледж студенттерімен дене шынықтыру, салауатты және дұрыс тамақтану қажеттілігі, салауатты өмір салтына баулу, өз денсаулығына азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында семинар тренингін өткізді.  

 Семинар-тренингте Асия Амангельдиевна студенттерге ақпараттық материалдар таратып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттады.

 

 19.05.2023ж. Жоғары медициналық колледж Астана қаласы мектептерінің «Ашық есік» күндеріне қатысып, қала мектептері оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. 

 Колледж оқытушысы Акпаева Ж.С. №40 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына, Разақова Р.О. №57 орта мектеп оқушыларына, Сүлейменова С.Н. №71 мектеп-лицейі оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар және колледж миссиясы мен жетістіктері туралы ақпараттық материалдар таратып,  видео-ролик көрсетті. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс