Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының Оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен ҚР жоғары медициналық колледждер студенттері арасында «Эрудит-анатом
- Қаралды: 497
2023 жылдың 17 мамырында Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының Оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен ҚР жоғары медициналық колледждер студенттері арасында «Эрудит-анатом» атты республикалық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
1. Өтілген пәндер бойынша білім мен дағдыларды бекіту;
2. Дарынды білім алушылардың интеллектуалдық дамуы мен қолдауына жағдай жасау;
3. Өз бетінше жеке жұмыс істеу және кәсіби ойлау дағдыларын дамыту;
4. Студенттерге адал бәсекелестік принциптерін үйрету.
Олимпиада кешенді біріктірілген 43 тапсырманы орындауды қамтиды, олар: тест тапсырмалары – 20; логикалық тапсырмалар – 10; жағдаяттық тапсырмалар – 9, сызбалар мен графикалық бейнелерге негізделген тапсырмалар – 4. Олимпиадаға 18 Жоғары медициналық колледжінен 33 студент қатысты.