«Ғылыми жұмыстағы клиникалық зерттеу әдістері» атты дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 593
2023 ж. 17 наурыз күні колледжде «Ғылыми жұмыстағы клиникалық зерттеу әдістері» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ғылыми іздену жұмыстары мейіргер ісіндегі маңыздылығын анықтау, дәлелденген зерттеулер бойынша білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау».
Дөңгелек үстелде қолданбалы бакалавр ББ ІІІ курс 131, 133, 134 қ/бак. студенттері, дипломдық жұмыстар ғылыми жетекшілері және қолданбалы бакалавр бітіруші түлектері қатысты.
«Ғылыми жұмыстағы клиникалық зерттеу әдістері. Жұмыс материалдары және зерттеу әдістері» тақырыбын Қаражигитова П.А.- «Дәлелді мейірбикелік іс тәжірибесі» пәнінің оқытушысы және дипломдық жұмыстың жетекшісі баяндады.
141, 143 м/і қ/бак. топтарының түлектері Дәулетбек Шұғыла, Төлеубек Айбота дипломдық жұмысты орындаудағы тәжірибелерімен бөлісті.
131 м/і қ/бак. тобының студенті Ерғалиева Сайна «Аннотация – зерттеу тақырыбының негізгі мәселелері» атты баяндама жасады. Қатысушылар сұрақтарға Google Forms мобильді қосымшасы арқылы жауап берді.
Дөңгелек үстел соңында «Mentimеter» платформасы арқылы рефлексия және кері байланыс жүргізілді.