«Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында студенттер арасында «Эко-сән – 2023» байқауы өтті
- Қаралды: 561
21.04.2023ж. Жоғары медициналық колледж ағымдығы жылдың 08.04 - 06.05 аралығында өтіп жатқан «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында студенттер арасында «Эко-сән – 2023» байқауын өткізді.
Экологиялық ең өзекті тақырыптардың бірі - Жер планетасының ластануына жол бермеу, табиғат тазалығы үшін күресуді настихаттау мақсатында ұйымдыстырылған іс-шараға қатысқан топ студенттері Эко-сән «Жаңа дәуір», «Біздің планета», «Табиғат бөлігі», «Қарлы боран» «Інжу лагунасы, «Бояулы көктем», «Ормандағы өрт», «Экологиялық таза медицина», «Paper shirt» үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар білім алушылар қосымша сауалдарға жауап берді.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде – 12 «Емдеу ісі» фельдшер тобы
І орын – 13 «Мейіргерлік іс» тобы
ІІ орын – 12 «Мейіргерлік іс» тобы
ІІ орын – 114 «Мейіргерлік іс» тобы
ІІІ орын – 12 «Стоматология» тобы иеленді.
Құттықтаймыз!