«Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өтті
- Қаралды: 565
25.04.2023 ж. күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК педагог-психолог Р.М.Құлахметова мен психология пәніның оқытушысы Ж.С.Карабаеваның ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған 111м\і, 112м\і, 113м\і, 114м\і, 115м\і, 116 м\і, 117 м\і. топтарының арасында «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өтті.
Зерттеулердің маңыздылығы, тапсырманы орындау дәлдігі, топтың ұйымшылдығы және өзге топпен қарым-қатынас мәдениеттілігін бағалау барысында, 113 м\і тобы бас жүлдені иеленсе, өзге топтар «Өнерлі топ», «Епті топ», «Шығармашыл топ», «Жаңашыл топ», «Ұйымшыл топ», «Тапқыр топ» атты номинацияларды иеленді.
Психологиялық сайысты студенттердің заманауи топтық билері әрлей түсті.