8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  29.04.2024 ж. «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының орта арнаулы оқу орындары арасында өткен «JANA BELES FEST 2024» жастар шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. Жоғары медициналық колледж студенттері фестивалге белсене қатынасып, нәтижесінде 2 курс студенті Абильгазина Аружан вокал өнері аталымында ІІІ орын, «Шипа» командасының студенттері СӨС бағытында «Өз өмірің өз қолыңда» атты қойылым бойынша І орын иеленіп, Диплом кубоктармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

  27.04.2024 ж. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» бағыты бойынша Жоғары медициналық колледждің 111 м/і қ/бакалавр тобы студенттері топ жетекшісі К.Манатовамен бірге колледждің ардагер ұстазы Садықова Сауле Алмағамбетовнаның үйінде болып, сенбілік өткізді. Олар аула сыпырып, тал әктеді, қалдықтарды шығарды, үй-іші тіршілігіне көмектесті. Шара соңында білім алушылар ұстазының дастарханынан дәм татып, дән ризашылығын алды, «Ұлағатты ұстазға мың алғыс!» деген ниеттерін білдірді.

  27.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 111 лабораториялық диагностика тобы студенттері топ жетекшісімен Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайына экскурсияға барды. Студенттерге «Қазақ елі» фильмін көрсетіп, Алтын адам тарихымен таныстырды. Ары қарай Қазақстанның даму тарихын кезең-кезеңдерімен көрсетіп, түсіндірді. Студенттер мұражайдан үлкен тәлім-тәрбие алып қайтты, естелікке суретке түсті.

  27.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өтіп жатқан қалалық сенбілікке қатынасты. Сенбілік аясында оқытушылар мен студенттер колледж маңы мен жатақхана айналасын тазартты, ағаштарды әктеді, қалдықтарды шығарды.121, 122, 123 м\і қ. бакалавр тобы студенттері колледж әкімшілігімен бірге «Алматы» ауданы әкімдігінің тапсырмасымен «Студенттер үйі» маңына ағаш отырғызды.
Сенбілікте студенттер креативті тик-ток пен видеолар түсірді.

26.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің жатақхана студенттері тәрбиешісімен Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайына экскурсияға барды.Оларға музей қызметкерлері әр тарихи кезеңдерді көрсетіп таныстырды.

  26.04.2024ж. Халық Қаhарманы Сағадат Нұрмағанбетов ерлігіне, Рақымжан Қошқарбаевтің 100 жылдығына орай өтіп жатқан «Патриот» апталығы аясында 11 «Мейіргер ісі» тобы студенттерімен топ жетекшісі С.Н. Сүлейменова «Мәңгілік ел алыптары: Рахымжан Қошқарбаев және Сағадат Нұрмағамбетов» атты тақырыпта ерлік сабағын өткізді. Патриоттық, ұлтжандылық бағытта өткізілген сабақта студенттер батырлардың өмірі мен қызметі, батырлығы, еліне сіңірген ерен еңбегі жайлы мағлұматтар алды.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс