8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  04.05.2024ж. Жоғары медициналық колледждің «Шуақ» ерікті клуб мүшелері «Игі істер» акциясын жалғастырды. Олар Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ базасында болып, гүл қоршауларын сырлауға көмектесті. Балалар үйіне көмек беру колледж студенттерінің назарынан тыс қалған емес. Олардың әкімшілік тарапы да үнемі Алғыс айтып, ыстық ықыластарын білдіріп отырады. Игілікті іс жасау мың да бір сауапты іс. Қолымыздан келгенше қоғам болып бір-бірімізді демеп, қуанышқа бөлеп, алғыс алудан жалықпайық!

  04.05.2024ж. «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды». Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» клубы студенттері 09 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Халық Қаhарманы, Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтің ескерткішіне гүл қойды.
Колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Гульшарипа Ыбыханқызы алдымен студенттерге қаhарман батырдың туып өскен, білім алып есейген кездері, соғыс майданына аттанып, Рейхстагқа Ту тіккен ерлігі жайлы естеліктерді баяндап берді. Шара соңында білім алушылар батыр аталарының Отан қорғау жолындағы ерлігіне «мың алғысын» білдірді.

#ЖМК
#мыңалғысардагерлерге

  04.05.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 09 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ерлігім – елім үшін» атты тақырыпта ерлік сабақтары өтті.
12 м/і тобы студенттерімен Т.Амантаева ерлік сабағында ардагерлердің өмірі мен ерліктері туралы қысқаметражды фильм көрсетті. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған сабақта топ жетекшісі бабаларымыздың Отан қорғау жолындағы батырлық пен ерлік істері жайлы ақпараттар берді. Білім алушылар тарапынан әр студенттің пікірі тыңдалды.

  2024 жылдың 4 мамырда Астана қаласы “Жоғары медициналық колледж” кітапханасының оқу залында студенттердің қатысуымен “Бақытым - Отаным” атты шығармашылық танымдық кеш өтті. Мақсаты: адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат екенін ұғындыру. Әрбір адал, шыншыл, батыл, білімді адам өз Отанына абырой әкелетінін баса жеткізу. Іс- шараға студенттер белсене қатысып, Отан туралы өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды. Дана адамдардың нақыл сөздерін оқып пікірлерін ортаға салды. Тағылымы мол іс - шарадан студенттер өз Отанында өмір сүріп жатқандары қандай бақыт екенін мақтанышпен сезінді. Кітап көрмесі де ұйымдастырылып, таныстырылды.

  03.05.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында 07 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз батыр елдің ұрпағымыз» атты челлендж өтті. Студенттер, әскери-патриоттық «Жас сарбаз» клубы мүшелері қатысқан шарада білім алушылар «Мен қазақпын» әнін орындады.
Шара білім алушыларды өз Отанының патриоты болуға тәрбиелейді. Отанды қорғау – әрбір тұлғаның азаматтық борышы!

@diucfv_orken
@astana_nvtp
#astana7mamyr #diucfvorken #astananvtp

  03.05.2024ж. 09 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында колледж студенттері арасында «Менің атам соғыс ардагері» тақырыбында естеліктер бейнеролигі ұйымдастырылды. Білім алушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабалары жайлы естеліктер жинады. Олардың Отан қорғау жолындағы ерлік істерін, марапаттарын мақтанышпен айтты.
#ҰлыОтансоғысы
#майданардагерлерінардақтайық

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс