8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  02.05.2024ж. Жоғары медициналық колледждің дене тәрбиесі пәні оқытушылары «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткізіліп отырған «Өнегелі ұрпақ» бағытында «Экоәлем» атты спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырды.
Ұлттық «Асық ату» ойынында білім алушылар командаларға бөлініп бақ сынасты. Колледждің ұлдар мен қыздар Валейбол командалары арасында да жарыс өтті. Нәтижесінде жеңіске жеткен командалар марапатталды.

  30.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 111 «Акушерлік іс» тобы студенттерінің ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстанның көпұлтты зайырлы мемлекет екендігін, ондағы ұлттар мен ұлыстардың достық қарым-қатынаста өмір сүріп отырғандығын паш етті, ынтымақтастықты насихаттады. Әр топ білім алушылары өзге ұлт өкілдерінің ұлттық нақыштағы киімдерімен келіп, мерекемен құттықтады, биін биледі, тарихымен таныстырды. Бірлік – ел болашағы үшін маңызды, Мәңгілік ел болып қалудың бірден-бір құралы. Ынтымақ пен бірлік мерекесі құтты болсын!

  30.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 01 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «1 мамыр – Бірлік пен Татулық мерекесі», «1 мамыр – Бірлік пен жасампаздық мерекесі» тақырыптары аясында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

  30.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 01 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «1 мамыр – Бірлік пен Татулық мерекесі», «1 мамыр – Бірлік пен жасампаздық мерекесі» тақырыптары аясында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

  29.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары 24.04 – 29.04.2024ж. аралығында Астана қаласы мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырды.
​  №5 мектеп-гимназиясына оқытушы Майжанова Ғ.Т., №14 мектеп - гимназия – Манатова К.К., №79 мектеп - лицей – Егенбас Ә.Ж., №32 мектеп - гимназия – Теслина Г.Н., №48 мектеп - лицей – Құлахметова Р.М., №61 орта мектеп – Рахманбердиева З.Х. кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізуге барды. №32 мектеп – гимназиясына колледждің 3 курс «Мейіргерлік іс» тобы студенттері оқушыларға шеберлік класын ұйымдастырды. Медицина саласына қызығушылық танытқан оқушылар студенттермен бірге алғашқы медициналық көмек беруді көрсетті. Г.Николаевна жалпы колледж дайындайтын мамандықтар бойынша түсіндіріп, «Талапкер - 2024» ақпараттық материалдарын таратты, бейнеролик көрсетті.

  29.04.2024 ж. «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ және «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының орта арнаулы оқу орындары арасында өткен «JANA BELES FEST 2024» жастар шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. Жоғары медициналық колледж студенттері фестивалге белсене қатынасып, нәтижесінде 2 курс студенті Абильгазина Аружан вокал өнері аталымында ІІІ орын, «Шипа» командасының студенттері СӨС бағытында «Өз өмірің өз қолыңда» атты қойылым бойынша І орын иеленіп, Диплом кубоктармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс