+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  15.10.2024 ж. Томск облысынан (Ресей) шетелдік делегация Жоғары медициналық колледжде болды. Қонақтар оқу және симуляциялық кабинеттерді аралап, өңірлік симуляциялық орталықтың жұмысымен танысты. Колледж әкімшілігі және оқытушыларымен кездесті, талапкерлерді медициналық мамандықтарға қабылдау, түлектерді жұмысқа орналастыру, түлектерді тәуелсіз емтихан және аттестаттау, оқытушыларды аттестациялау және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық мәселелерін талқылады..
  Кездесу естелік суретке түсумен аяқталды.

  14.10.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Еркін диалог форматында өткен кездесуге «Алматы» ауданының бөлім прокуроры Ешенқұл Нұрдәулет,   «Алматы» ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Маликова А.Б., «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС мамандары Қайдар М., Ділдахан А.Н., «Астана жастары» ЖРО» КММ қызметкері Хамитов О.А. қатынасты.
  Студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  11.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Dos Medicus» оңалту орталығына экскурсияға барды. Олар инсульт алған тұлғаларды емдеуге арналған аппараттарды, әртүрлі медициналық жабдықтар мен төсек-орындармен жабдықталуымен танысты.
​  Студенттерге пациенттермен сөйлесу, күтім жасау, дұрыс тамақтандыру жайлы түсіндірме-таныстыру жұмыстарын жүргізді.

  09.10.2024ж. Жоғары медициналық колледжі 20 жылға жуық уақыт басқарған Ақбала Нұрсейітқызы бүгін ұжыммен қоштасты. 89 жыл тарихы бар колледждің өсіп өркендеуі жолында бар қажырлы еңбегін жұмсаған, ұстаз деген ұлағатты атқа лайықты, турашыл да мейірімді басшы өз миссиясын абыроймен аяқтап, зейнеткерлік жасқа жетті.
  11 қазан Ақбала Нұрсейітқызының туылған күні. Отбасына амандық, деніне саулық, жүрер жолда сәттілік серік болсын деген ниетпен әріптес қызметтестері жылы лебіздерін білдіреді.
Ақ жол, сәт сапар! 🌹🌹🌹

  10.10.2024 ж. Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру, сананы жаңғырту, Отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері Астана қаласы №68665 әскери бөлімінде болды.
  Экскурсия барысында студенттер сап түзеп, әскери құрал-саймандар мен әскери көліктерді көріп тамашалады. Әскери қызметтің тұрмыс-тіршілігімен танысты.

#ЖАССАРБАЗ

  09.10.2024ж. «Жарқын Болашақ» бағдарламасы – Жаңаөзен, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының жасөспірімдеріне
еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуға жағдай жасау мақсатында еліміздің білім беру мекемелеріне грант иегерлерін қабылдау, іріктеуді іске асырады.
   Жоғары медициналық колледжде жаңа оқу жылынан бастап осы бағдарлама аясында 4 білім алушы жалпы практикадағы мейіргерлік іс біліктілігі бағытында білім алуда.
​  Жақында «Жарқын Болашақ» бағдарламасының кураторы Мұхаметқали Зарина Нұрланқызы студенттермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс