8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

▪️Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және қаржылық қорғау жүйесін енгізу және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ никотиннің таралуының алдын алу және оған қарсы тұру бойынша жүйелі шараларды қабылдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. жастар арасында заттар бар.

▪️Заңмен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). Медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды:

✔️ балалары үшін тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан басым орындар алуға, кәсіптік қызметке заңсыз араласудан және кедергілерден қорғауға, мамандығын құрметтеуге, медициналық мамандық бойынша әскери қызметке немесе мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға құқықтар беріледі;

✔️мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген даригері» құрметті атағы тағайындалды;

✔️қажетсіз есеп берулер мен ақпаратты ұсынудан босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган енді медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттардың тізбесін бекітетін болады;

✔️Ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген өткір тапшылық мамандықтары бар медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі.

▪️Заң темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салуды белгілейді (ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  20.04.2024 ж. Әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай өтіп жатқан «Патриот» апталығы аясында 32 «Мейіргер ісі» тобы студенттерімен топ жетекшісі Д.Бимендина «Мәңгілік ел алыптары: Сағадат Нұрмағамбетов» атты тақырыпта ерлік сабағын өткізді. Патриоттық, ұлтжандылық бағытта өткізілген сабақта студенттер С.Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметі, еліне сіңірген ерен еңбегі жайлы мағлұматтар алды.
  Студенттер тарапынан Презентация жасалып, қосымша мағлұматтар берілді. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды».

  19.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кітапханасында колледж мүлкіне ұқыпты қарауға насихаттау мақсатында 123 м\і қолданбалы бакалавр тобы студенттері «Колледж мүлкіне ұқыпты қарау - экологиялық сананың маңызды бөлігі» челленджін бастады. Онда білім алушылар кітаптарды түптеу, жапсыру жұмыстарын жасап, кітапханашыларға көмектесті. «Кітап – ақылшы досың». Колледжден бастау алған челлендж өз жалғасын табатын болады.

  19.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж «Жас сарбаз» клубының суденттері Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде болды. Білім алушылар әскери-тарихи музейіндегі тарихи кезеңдердің куәсі болды. Бұл Отанды қорғауда өз елінің патриоты болуға, Отанды сүюге, құрметтеуге насихаттайды.

  19.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев ескерткішінің маңын тазалауға барды. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батырының ерен ерлігі келешек ұрпаққа үлгі өнеге.
  Білім алушыларға Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған батырдың өмірі мен қызметі жайлы ақпараттар берілді.

  19.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Киелі мекен» бағыты бойынша «ЕкоIZDENPAZ» тақырыбында студенттер арасында климаттың өзгеруі, қайта өңдеу, биоалуантүрлілік сияқты экологиялық мәселелер бойынша конференция өтті. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» деген нақыл сөздің құндылығын түсіндіре отырып, білім алушылар экологиялық ғылымдар бағытында терең пікір алмасты.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс