04.05.2024 ж. Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері 09 мамыр мерекесі қарсаңында «Байқоңыр» ауданының тұрғындары, еңбек ардагерлері Лысякова Октябрина Никитична және Макажанова Кульпан әжейдің үйлеріне барды. Колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Гульшарипа Ыбыханқызы қарт ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, азық-түлік себетін тапсырды. «Жас сарбаз» студенттері ардагерлердің марапатталған орден, медальдарын көрді. Қоштасарда әжелер білім алушыларға бата берді, колледж ұжымына дән ризашылығын білдірді.