8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  12.09.2024 ж.Астана қаласы әкімдігінің “Жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ МКК жас педагог мектебінің отырысы өтті. Мақсаты жас мамандардың кәсіби қалыптасуы үшін жағдай жасау, лауазымға кіруді қамтамасыз ету болып табылады. Жас оқытушылар мектебінің алғашқы отырысы-жаңадан бастаған оқытушылардың өміріндегі маңызды оқиға. Бұл жас оқытушылар білім берудегі мансаптық өсу мен даму жолына алғаш рет қадам басқан сәт. Мұнда олар білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар Табысты оқытушы болу үшін қажетті шабытты да алады. Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Тлеужанова А.Б. жас оқытушы мектебінің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, жұмыс оқу бағдарламалары мен сабақ жоспарын құрылуына тоқталды. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Кадышева И.В. жас оқытушыларға колледжде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін пайдалана отырып, теориялық, симуляциялық оқыту журналдарын жүргізу және Платонус бағдарламасында ұсынымдар жасады. Оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аубакирова Ж. Ө. Платонус бағдарламасында да, теориялық, симуляциялық оқыту бағдарламасында да журналдарды уақтылы толтырудың маңыздылығын атап өтті.

  12.09.2024 ж. 1 курс білім алушылары үшін «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушыларға отбасы ұғымы, оның құндылықтары мен дәстүрлері туралы ақпарат берілді.
Білім алушыларға тиімді командалық өзара іс-қимылды құру, топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін бір-бірінің ұқсастығын табу үшін жағдай жасауға мүмкіндік туды.

  “Жоғары медициналық колледж” ұжымы - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

⚜️АЭС салуды қолдау жөніндегі Астана қалалық халықтық штаб өкілдері «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бойынша Республикалық референдум өткізу туралы жарлығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Штаб өкілдері АЭС салу мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, АЭС маңыздылығы жайлы сөз сөйледі.

  09.09.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. Аптаның дәйексөзі - М.Әлімбаевтің «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына».
«Ана тілім – арым бұл! тақырыбында өткен кураторлық сағатта білім алушыларға тіл мәртебесі, тілді құрметтеу жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#Біртұтас_тәрбие

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс