8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  19.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 08.04-19.04 аралығында өткен «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» атты онкүндігінің қорытынды «Арманың мен мақсатыңды жат қылықтан қорға!» атты іс-шарасы өтті.
«Сөйлесу дөңгелегі» алаңында өткен шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Діндерді зерттеу орталығы» теолог мамандары Жақсыбек Әділхан, Қасымов Бердімұрат және Астана қаласы №3 емхананың
психологі Демидова Ю.С. шақырылды.
  Олар студенттермен ұсынылған тақырып бойынша интерактивті әрекеттерге қатысып, мақсатқа жету жолындағы шешімдермен бөлісті. Қызықты да маңызды өткен шарадан соң қонақтармен естелікке суретке түсті.

  18.04.2024 ж. Әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаҺарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай өтіп жатқан «Патриот» апталығы аясында 12 «Мейіргер ісі» тобы студенттерімен топ жетекшісі Т.Амантаева «Мәңгілік ел: Сағадат Нұрмағамбетов» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Патриоттық, ұлтжандылық бағытта өткізілген тәрбие сағатында білім алушылар С.Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметі, еліне сіңірген ерен еңбегі жайлы мағлұматтар алды.

  18.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж 111 «Акушерлік іс» топ білім алушыларына топ жетекшісі Г. Бозбаева «Қарызсыз қоғам» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткен сабақта студенттер қаржыны үнемдеу, өз орнына жұмсай білу дағдысын анықтауға бағытталған тестке жауап берді. Өзінің қаржылық әл-ауқатын жақсарту үшін тиімді іс-әрекеттер жайлы түсіндірді. Сабақ ашық диалог түрінде өтті.

  18.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің жатақхана студенттері «Киелі мекен» бағыты бойынша «Тазалықты өзіңнен баста!» шарасын бастады. Олар өздері тұратын бөлмелерін тазалап, жуды. Шкафтарын жуып, киімдерін талапқа сай жинап қойды. Асханаларда да тазалау жұмыстары жүрді. Студенттер бір-бірімен жарыса, көңілді орындалған істің қаншалықты өздері үшін маңызды екенін сезінді. Шара өз жалғасын табатын болады.
#тазабөлме
#тазамектеп
#тазааула
#тазақала

  17.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледждің 200 студенті мен оқытушылары «Орталық- Конгресте» өтіп жатқан «Eurasian Book Fair 2024» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне барды.«Мектеп», «Атамұра», «Кітап», «Foliant» баспаларының әртүрлі тақырыптағы кітаптар көрмесін, соның ішінде «Абай жолы» шығармасының үш тілдегі кітабы білім алушылардың назарын аударды. Якутия, Иран елдерінің қолөнерін де тамашалады. Көрме студенттерге өте ұнады, естелікке суретке түсті. Кітап – жан азығы.

  2024 жылдың 17 сәуірде “Жоғары медициналық колледж” кітапхананың оқу залында “Эко 8 минуттық оқу” жобасы аясында “Экология және біз” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:табиғат адамның тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы екенін, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Студенттерді тақырып аясында жасалған кітап көрмесімен таныстырып, табиғат және экология жайлы көптеген қызықты мәліметтер айтылып, талқыланды. Қорыта келіп табиғатты аялау, қорғау әр адамның азаматтық борышы екендігі баса айтылды.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс