ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де болды
- Қаралды: 69
17.10.2024 ж. ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мен ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы бастаған депутаттар Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-де болды.
Жұмыс тобының құрамында Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері болды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Арғынбекова А.С., Жүнісов Т.Т., Қапбарова А.Ж., Нухұлы А., Рахметова Ә.Қ., Рүстемов Р.Р., Толамисов А.Ғ., сонымен қатар Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Кауышева Алмагуль Амангельдиновна, Ғылым және адам ресурстары департаменті мейірбике ісін дамыту басқармасының басшысы Жолжанова Назира Усеновна, «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Жарасбаев Қадыр Әлімұлы да болды.
Сапар барысында сенаторлар мен бірінші вице-министр колледждің оқу үдерісімен және материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, өңірлік симуляциялық орталық пен ИВДБ орталығының жұмысымен танысты, колледж жатақханасына барды, педагогикалық ұжыммен кездесті.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің, түлектерді жұмысқа орналастырудың, оларды бөлу орны бойынша бекітудің, медициналық мамандықтарға талапкерлерді қабылдаудың өзекті мәселелерін және практикалық денсаулық сақтаудың білікті мамандары қатарына оқытушыларды тарту мәселелерін талқылады.