+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Жоғары медициналық колледжде 25 қазан – Республика күніне арналған «Менің байтақ Республикам» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы ұжымды және білім алушыларды Республика күнімен құттықтап, жемісті жұмысы үшін оқытушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Жоғары медициналық колледж оқытушылары Карабаева Ж.С., Құлахметова Р.М. Астана қаласы №54 мектеп-лицейінде ата-аналар мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, медицина мамандығының қоғамдағы алатын ерекше орыны жайлы, колледж дайындайтын мамандықтар туралы ақпараттар берді.

Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы - Тәуелсіздігіміздің бастамасы болған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларацияның қабылданғаны, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңныш қадамы болатын. Бүгінде бұл-ата-бабамыздың аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи мереке алдында Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс, ертеңге деген сенімділік тілеймін. Еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашанда биік болсын!

2022 жылдың 22 қазанында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінде «Мен - шығармашыл кітапханашымын» атты білім алушылардың өзін-өзі басқару  күні  өтті. Білім алушылар  өзін –өзі басқару арқылы уақытша кітапханашының қызметін атқарып,  оқулықтар таратты, оқырмандарға жаңа кітаптар ұсынды, кітап көрмелерін ұйымдастырды, оқу формулярларын рәсімдеді, оқулықтармен жұмыс істеді. 

Ағымдағы жылдың 20-22 қазан аралығында 25 қазан – Республика күніне орай Жоғары медициналық колледждің оқу залында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты көрме ұйымдастырылды.

Оқырмандар оқу залынан Қазақстанның көркеюі мен даму жолындағы жеткен жетістіктері туралы мазмұнды ақпараттар алуда.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс