Жаншуак мерейлі марапаттау кешіне
- Қаралды: 960
"Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" "Amanat" партиясының қолдауымен өткен Жаншуак мерейлі марапаттау кешіне колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.
"Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" "Amanat" партиясының қолдауымен өткен Жаншуак мерейлі марапаттау кешіне колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.
08.12.2022ж. Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті Республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Колледж намысын қорғаған 123 м\і қолданбалы бакалавр тобының студенті Бердібай Сапарбек «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» тізіміне енді.
2022 ж. 07 желтоқсан күні Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК жас оқытушыларға арналған «Оқу үрдісінде инновациялық технология әдістерін қолданудың тиімділігі» атты оқыту семинары өтілді.
Мақсаты: «Тәжірибе алмасу, жас оқытушылардың педагогикалық және кәсіби деңгейін арттыру». Семинарда бірнеше баяндамалар тыңдалды: «Сәтті кәсіп – тиімді жоспарлау» Кошаева П.К.; «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәсілдері. «SMART» технологиясы «BOPPPS» моделі» Каражигитова П.А.; «Менің уақытым – менің байлығым» тренингі Кулахметова Р.М. Оқытушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді, семинар өз мақсатына жетті.
02.12.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Қанаттылар» инклюзивті театрында өткен Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасының желесі аясында «Қыз жылаған» қойылымына барды.
Қойылым студенттерге үлкен әсер қалдырды. Қойылым соңында театр актерлері студенттерге деген ыстық ықылас ризашылығын білдірді. Естелікке суретке түсті. Театр – мәдениет ошағы.
01.12.2022ж. Колледждің 2 курс студенті Нурмухаммедова Жасмина табыстың 7 бағыты бойынша «Елбасы Медалі» жобасының күміс медаль иегері атанды. «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ ұйымдастырған шара Жаңа оқушылар сарайында марапаттау рәсімі түрінде өтті.
Жасминге алар биіктерің алда деген ниетпен жеңісің құтты болсын дейміз!