ІV Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
- Қаралды: 735
28.12.2022 ж. Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктін жұмыс жоспарына сәйкес «Республикадағы мейіргер ісін дамыту. Ғылым. Ізденіс. Инновация.» тақырыбында ІV Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияны ОӘБ төрайымы, колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна ашты.
Конференцияға 26 Жоғары медициналық колледжден қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.