8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

17.01.2023ж. Жоғары медициналық колледж 12 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенттері ағымдағы жылдың 10.01 – 25.01 аралығында өткізіліп жатқан «Таза сессия» жарнасы аясында «Біз таза сессия үшін!» атты бейнеролигін ұсынады. Қолдаңыздар, үн қосыңыздар!

СЕССИЯ БАСТАЛДЫ! Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК-де 2023 жыл 10.01 - 25.01 аралығында "Таза сессия" жарнасы басталды. Жарна жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер арасында "Мен таза сессияны қолдаймын" атты эссе және "Біз таза сессия үшін!" тақырыбында бейнеролик байқауы, "Адал бол - адам бол!" тренингі, анонимді сауалнама жүргізу жоспарланып отыр.

07.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің волонтер оқытушылары мен студенттері Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы» әкімі аппараты, «Жастар рухы» ЖҚ бірлесіп жеке секторларда жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге көмек беру мақсатында ұйымдастырған «Мейірімді қала» акциясы аясында сенбілікке қатынасты. Сенбілікте қарттардың аулаларын, жолдарды қардан тазартты. Волонтер студенттер тарапынан көрсетілген көмекке қарттар дән ризашылығын білдірді.

29.12.2022  ж. колледж  жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырыс өткізілді.  

Күн тәртібінде:

1. Оқытушының кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыру – келешек мамандардың сапасын арттыру шарттарының бірі. Баяндамашылар: Теслина Г.Н., Курмашев Б.Н.,  Каражигитова П.А.                                                                                                                                                     

2. Бітіруші топтардың теориялық білім кесіктерінің қорытындысының мониторинг талдауының есебі берілді.  Баяндамашы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Кадышева И.В.                                                                                                                                                    

3.Оқытушылардың Біліктілікті арттыру  курстардың  өту нәтижесі бойынша есебі. Баяндамашы: Суиндыкова С.Т.

Әдістемелік кеңес отырысын колледж директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна ашты. Отырыс барысында аттестатталатын оқытушылардың іс-тәжірибесін қорытындылайтын баяндамалар тыңдалды, бітіруші топтардың  теориялық білім кесіктеріне талдау жасалды және «Талап» ҰАО ұйымдастыруымен оқытушылардың  біліктілікті арттыру курсының  өтілуі туралы есеп берілді.

28.12.2022ж. Жоғары медициналық колледж 121 м/і кешкі бөлім студенттері жаңа жыл қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тәрбиеленіп жатқан балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап барды. Балаларға Аяз ата, қарша қыз сыйлықтар таратып, қуаныш сыйлады. Жаңа жыл құтты болсын!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс