+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Астана қаласының жоғары медициналық колледж қабырғасында "Оқуға құштар колледж'' тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2022 жылғы қараша айының 29-шы жұлдызында "Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын" атты әдеби кейс өткізілді.

Білім алушы оқырмандар білімнің кітап арқылы берілетіні, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы бар білетіндерін ортаға салып, оқыған шығармаларының мазмұнын талқылап, авторы жайлы мағлұматтармен бөлісті. Соңында кітапханашы А.Қайсанова кітап көрмесімен таныстырып, Абайдың "Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып білуге" -деген сөзімен аяқтады.

2022 жылы 28 қараша күні "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.О Разақованың ұйымдастыруымен 1-курс топтары арасында "Менің өмірімді өзгерткен кітап" атты эссе байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты- жас буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,әдеби тіл байлығын кеңейту.

25.11.2022ж. Жоғары медициналық колледжде «Күз ханшайымы» өз мәресіне жетті. 4 кезеңнен тұратын байқауға студенттер белсене ат салысты. 16 топтан қатысқан білім алушылар «Таныстыру», «Ән мен клип», «Күзгі сән үлгісі», «Өнер  көрсету» кезеңдеріне өте үлкен дайындықпен келгендігі көрінді.

Нәтижесінде «Күз ханшаймы - 2022» байқауының бас жүлдесін 111 м/і қолданбалы бакалавр тобы студенті Жанбыршинова Аружан иеленді. 

2022 жылы 23 қараша күні "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатыда Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы С.Н.Сулейменованың жетекшілігімен 21 м/і, 114 м/і топтарында "Бабалар үні" Әйтеке би" тақырыбы бойынша ашуызша журнал іс-шарасы өткізілді. Білім алушылар қазақ тарихындағы кемеңгер бабалардың бірі Әйтеке би туралы көптеген тарихы, қызықты мағлұматтар алды.

18.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен қала колледждері арасында 27.10-07.11 аралығында ұйымдастырған «Салауатты денеде – салауатты рух» атты фото байқауына қатысты.

Нәтижесінде З курс студенті Сақтағанов Орынбасар І - орын, 2 курс студенті Есет Шыңғыс ІІ – орын, 2 курс студенттері Тыцкая Алина, Аргимбаева  Рината – ІІІ орын Дипломдарымен марапатталды.

18.11.2022ж. Жоғары медициналық колледж кәмелеттік жасқа толмаған студенттері арасында Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер үйлестірушісі Хамзин Қанат Жайыкович, орталық психологі Темирханова Асия Амангельдиновна «Психо-белсенді заттардың алдын алу (электрондық темекі, кальян, насыбай, есірткі). Физикалық белсенділік және тиімді тамақтану» тақырыбында семинар өткізді.

Шара барысында психо-белсенді заттардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс