Құрметті Жоғары медициналық колледж студенттері!
2023 жылғы 18-21 ақпан аралығында «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенттігіне ұсынуға өтінімдер қабылданады.
І тур – 22.02 – 25.02 аралығы
Өтініш бергеннен кейін 22.02 - 25.02 аралығында «Егер Мен президент болсам...» атты тақырыпта эссе жазу байқауы өтеді. І турдан өткен студенттер II турға жіберіледі.
ІІ тур – 27.02 – 01.03 аралығы. «Өзін-өзі басқару» ұйымының саналы басшысы ретінде колледж студенттерінің беделі мен әлеуетін арттыру үшін қандай бағдарламалар ұсына алатыныңыз туралы ақпарат беру.
(Өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты қоса).
Сайлау 2023 жыл 02 наурыз күні өтеді.