«Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенттігіне ұсынуға өтінімдер қабылданады
- Қаралды: 582
Құрметті Жоғары медициналық колледж студенттері!
2023 жылғы 18-21 ақпан аралығында «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенттігіне ұсынуға өтінімдер қабылданады.
І тур – 22.02 – 25.02 аралығы
Өтініш бергеннен кейін 22.02 - 25.02 аралығында «Егер Мен президент болсам...» атты тақырыпта эссе жазу байқауы өтеді. І турдан өткен студенттер II турға жіберіледі.
ІІ тур – 27.02 – 01.03 аралығы. «Өзін-өзі басқару» ұйымының саналы басшысы ретінде колледж студенттерінің беделі мен әлеуетін арттыру үшін қандай бағдарламалар ұсына алатыныңыз туралы ақпарат беру.
(Өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты қоса).
Сайлау 2023 жыл 02 наурыз күні өтеді.
- сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін
- сайлау онлайн форматта дауыс беру арқылы өтеді.
Ең көп дауыс жинаған студент «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті болып сайланады.
Өтініштер жазбаша түрде қабылданады. Біз Сіздерді оқу корпусының 201 кабинетінде күтеміз!
Барлық студенттерді өз білімі мен әлеуетін дамыту жолында белсенді болуға шақырамыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК