8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

08.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледжде Астана қаласы мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні өтті. Шара барысында мектеп оқушыларын қарсы алу, колледж дайындайтын мамандықтар бойынша презентация көрсетіліп, кабинеттер бойынша экскурсия жасалды. Сонымен қатар оқытушылар тарапынан «Алғашқы медициналық көмек» шеберлік класы ұйымдастырылды.

Қоғамда ең маңызды беделге ие медицина мамандығының жетістіктері түсіндірілді. Мектеп оқушыларының бұл мамандыққа деген қызығушылығы артты.

07.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің студент ұлдары арасында «ЖЖБИ-дің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-нің «Жас Толқын» ЖДО, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің уролог дәрігері С.Мақсымұлы білім алушыларға «ЖИТС және АҚТҚ дегеніміз не?», «Салауатты өмір салтына «Ия» деп айт», «Дұрыс таңдау жаса» ақпараттық-танымдық материалдарын таратты. Денсаулықтың ЖЖБИ алдын алу біліміне тәуелді екенін, зиянды әдеттерден бас тарту және жақсы әдеттерді қалыптастыру қажеттігін түсіндірді.

02.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. №90  мектеп-гимназиясы, №16 орта мектеп, №59 мектеп-лицей, №51орта мектеп, №19 орта мектеп, №3 мектеп-гимназия, №60 мектеп-лицей, №41 орта мектеп, №43 орта мектеп,  Қосшы №2 жалпы орта мектебі, №23 орта мектеп, №45 орта мектеп қабырғасында болып, мектептің 9-11 сынып оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар бойынша толық ақпараттар берілді. Қызығушылық танытқан оқушыларды колледжде өтетін «Ашық есік» күніне шақырды.

02.02.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары Михайлов О.Ж. Тұрғынова Ж.О. Ә.Бөкейхан атындағы BINOM мектебі және №58 мектеп – гимназиясы ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру бойынша «Ашық есік» күніне қатысып, ата-аналар мен оқушыларға колледждің медициналық мамандықтары туралы ақпарат берді.

31.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. №10 мектеп-гимназиясы, №16 орта мектеп, №59 мектеп-лицей, №51орта мектеп, №19 орта мектеп, №3 мектеп-гимназия, №60 мектеп-лицей, №41 орта мектеп, №43 орта мектеп, Қосшы №2 жалпы орта мектебі, №23 орта мектеп, №45 орта мектеп қабырғасында болып, мектептің 9-11 сынып оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар бойынша толық ақпараттар берілді. Қызығушылық танытқан оқушыларды колледжде өтетін «Ашық есік» күніне шақырды.

25.01.2023 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары қала мектептеріне барып оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. №84 мектеп-лицей, №86 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей, №25 орта мектеп қабырғасында болып, мектептің ата-аналар жиналыстарына қатысты.

Ата-аналар мен оқушыларға колледж дайындайтын мамандықтар жайлы бейне-ролик көрсетіп, ақпараттық материалдарын таратты. Медицинаға қызығушылық  білдірген оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс