8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті Республикалық байқауы өз мәресіне жетті

08.12.2022ж. Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті Республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Колледж намысын қорғаған 123 м\і қолданбалы бакалавр тобының студенті Бердібай Сапарбек «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» тізіміне енді.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жеңімпаздарға  "STUDENTS LEADER 2022" шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Сонымен қатар байқау жеңімпаздары ҚР Білім министрі Асхат Қанатұлы Айтмағамбетовпен кездесті.

Студенттер сұрақтарына министр тарапынан жауаптар алды. Концерт залында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» Республикалық конкурсының жеңімпазы деген Диплом, әр жеңімпаздың жеке атына «Жеңімпаз-2022» белгісі табысталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі студенттеріне арналған «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» Республикалық конкурс жеңімпазын дайындағаны үшін колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Ахмет Күлшәрипа Ыбыханқызы «TALAP» КЕАҚ Президенті Ш.Уткелбаеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын дейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс