+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

06.10.2022 ж. күні Жоғары медициналық колледждің педагог-психологі Р.М.Құлахметова жасөспірімдер арасындағы мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру, студенттердің шығармашылығына қолдау көрсету, жасөспірімдердің бейімделу кезеңінде колледждегі психологиялық ахуалдың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмаған білім алушылармен «Біз біргеміз!» атты психологиялық сайыс өткізді.

Сайыс барысында топтарға «Өнерлі топ», «Епті топ», «Шығармашыл топ», «Жаңашыл топ», «Ұйымшыл топ» атты номинациялар берілді. «Бас жүлдені 11 «Емдеу ісі» тобы білім алушылары иеленді.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

2022 жылдың 30 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледжде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Оқытушылық өмір – ұрпақ сабақтастығымен...» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында колледж директоры А.Саржанова оқытушыларды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Мереке қарсаңында озық оқытушыларды марапаттады.

Ән-күй, жылы лебіздерін білдірген білім алушылар ұстаздарына гүл шоқтарын ұсынды.

Ағымдағы жылдың 01 қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай Жоғары медициналық колледж студенттері үлкендерді сыйлау, ізет көрсету, ақылдың кені қарияларымызға құрмет ету мақсатында қарттар күніне арнап құттықтауларын жолдады. 113 «Медбикелік іс» тобы студенттерінің ыстық ықыласын қабыл алыңыздар!

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледжде «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа «Право» қоғамдық қорының психологтері Ермекқызы Камила, Аманкелдіқызы Нұрай, «Алматы» ауданы Ішкі Істер басқармасының жас жеткіншектер инспекторлары Шаримбекова Ақдидар Нәлібекқызы, Наурызбаев Азамат қатысты.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Әлия Кибатқызы, Психотерапия орталығының нарколог дәрігері Т.Қойшыбеков, Діндерді зерттеу орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің менеджер-үйлестірушісі Темірлан Жанатұлы, Нұрмағамбет Жолымбетұлы, Астана Жастары жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Амангелді Олжаспен кездесу өтті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс