«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті
- Қаралды: 898
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Жоғары медициналық колледжде «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа «Право» қоғамдық қорының психологтері Ермекқызы Камила, Аманкелдіқызы Нұрай, «Алматы» ауданы Ішкі Істер басқармасының жас жеткіншектер инспекторлары Шаримбекова Ақдидар Нәлібекқызы, Наурызбаев Азамат қатысты. Олар ата-аналарға «Жас жеткіншектер арасындағы аутодеструктивті міне-құлықтың алдын алу», «Ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған балалар алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аутодеструктивті міне-құлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты бейнеролик көрсетілді.
Әкімшілік тарапынан колледж директоры А.Саржанова ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қанағаттандырды.