8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Жоғары медициналық колледжде 25 қазан – Республика күніне арналған «Менің байтақ Республикам» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы ұжымды және білім алушыларды Республика күнімен құттықтап, жемісті жұмысы үшін оқытушыларға алғыс хаттар табыс етті.
113 «Мейіргер ісі» қ.бакалавр тобы білім алушылары Қазақстан Республикасының тарихы мен жеткен жетістіктері жайлы концерттік бағдарлама дайындады.Іс-шара «Атамекен» патриоттық әнін орындаумен және естелік фотосуреттермен аяқталды.