18.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж 111 «Акушерлік іс» топ білім алушыларына топ жетекшісі Г. Бозбаева «Қарызсыз қоғам» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткен сабақта студенттер қаржыны үнемдеу, өз орнына жұмсай білу дағдысын анықтауға бағытталған тестке жауап берді. Өзінің қаржылық әл-ауқатын жақсарту үшін тиімді іс-әрекеттер жайлы түсіндірді. Сабақ ашық диалог түрінде өтті.