8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
26.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында 24.04 – 26.04.2024ж. аралығында Астана қаласы мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні өтті. Шара барысында колледж оқытушылары мектеп оқушыларына мамандықтар бойынша ақпараттар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар колледж базасын аралап, кабинеттерде болды. Оқу залында кітапханашы кітап қорын көрсетіп, оқулықтармен қамтамасыз етудің қызметін көрсетті.Симуляциялық кабинеттерде болды. Сонымен қатар «Алғашқы медициналық көмек көрсетудің» шеберлік класы көрсетілді. Оқушылар колледж дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттандырылды.