30.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 111 «Акушерлік іс» тобы студенттерінің ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстанның көпұлтты зайырлы мемлекет екендігін, ондағы ұлттар мен ұлыстардың достық қарым-қатынаста өмір сүріп отырғандығын паш етті, ынтымақтастықты насихаттады. Әр топ білім алушылары өзге ұлт өкілдерінің ұлттық нақыштағы киімдерімен келіп, мерекемен құттықтады, биін биледі, тарихымен таныстырды. Бірлік – ел болашағы үшін маңызды, Мәңгілік ел болып қалудың бірден-бір құралы. Ынтымақ пен бірлік мерекесі құтты болсын!