8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  2024 жылдың 25 сәуір күні әдістемелік кңес отырыс өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1.Колледж түлектерінің ағымдық, көшірім емтихандарын, қорытынды аттестациясын өткізу үшін білімдерін бақылау жинақтарын қарау және бекіту. Баяндамашы: Директордың оқу-өңдірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

2.Авторлық бағдарламаларды құрастыруы (оқу-әдістемелік құралдар, оқу–әдістемелік кешендер) бойынша шығармашылық топтардың есептері. Баяндамашылар: Рахманбердыева З.Х., Копбаева Е.Н.

3. «Лудомания – бүгінгі қоғам дерті». Компьютерлік ойындарына деген құмарлықтың зардабы жәйлы мәлімет. Баяндамашы: Колледж психологі Кулахметова Р.М.

Әр түрлі сұрақтар.
1. Колледж білім алушыларымен «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы аясында жұмыс жүргізу туралы.

  25.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Жас биолог» үйірме жетекшісі Акпаева Ж.С. білім алушылармен бөлме өсімдіктеріне күтім жасайды. Көктемге дейін оқу кабинеттерінде отырғызылған гүлдерге ерекше күтім жасап, су құю, топырағын ауыстыру, гүлдерді отырғызуға дайындау жұмыстарын жүргізеді. Бүгін студенттер колледж маңына алғашқы гүл отырғызу жұмысын бастады.

25.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 121 м/і топ білім алушылары топ жетекшісімен «ЭКО lifе» бағытында өнегелі сағатын өткізді. Сағат ашық алаң түрінде өтті. Студенттер қазіргі таңдағы күрделі экологиялық мәселелер жайлы Презентация жасап, өз ойларымен бөлісті.

  24.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің оқу залында 124 м/і тобы студенттерімен топ жетекшісі Е.Копбаева «Эко-Time» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. «Эко-элем» бағыты адамдарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Білім алушылар қоршаған ортаға саналы түрде қарау, материалдық құндылықтарды қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғатты құрметтеуге бағытталған тың материалдармен танысты. Олар әртүрлі экологияға зиянды заттарды күнделікті пайдалануға, әсемдік зат ретінде қолдануға болатындай заттар жасады. Ол студенттердің қызығушылығын тудырды.

  24.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары «Ашық есік күні» аясында №85 орта мектеп, №86 мектеп - гимназиясында – Аренова М.Б., Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL– Жетибаева Ұ.Ж., №77 мектеп - гимназия – Угланова А.Ш., №94 мектеп-гимназия – Кертаева М.М., №18 орта мектеп – Тулеутай Б.М., №80 мектеп-гимназиясында – Алиев А.Р., №17 мектеп - гимназия – Абдирова Г.О., №40 орта мектеп – Сарсенбаев П.А., №66 мектеп - лицейінде – Мусажанова М.К. оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар колледж дайындайтын мамандықтар бойынша ақпараттандырылды.

  «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-5 Заңына және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылға арналған негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, сондай-ақ біліктілігін арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ Жоғары медициналық колледжі (бұдан әрі – колледж) жанындағы МКҚК (бұдан әрі – колледж) оқу ғимаратынан өрт кезінде ескерту және авариялық эвакуациялау кезіндегі іс-шаралардағы қызметкерлер мен студенттердің, 2024 жылғы 24 сәуірде «4-қабатты аудиторияда өрт болған жағдайда оқу ғимаратының аудиториясынан эвакуациялау кезіндегі персоналдың іс-әрекеті» тақырыбы бойынша объектілік оқыту өткізілді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс