05.04.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Батырлар» әскери-патриоттық, спорттық орталығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткізілген «JAS URPAQ ENGINEERING-2024» әскери мақсатты роботтарды құрастыру және пайдалану бойынша техникалық-шығармашылық байқауына барып тамашалады.
Байқауға қатысушылардың жасаған әскери мақсатты барлау, мина іздеу, минасыздандыру, жаралыларды, азық-түлік және оқ-дәрілерді тасымалдау, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жеке құрамға атыс шабуылын ұйымдастыру бойынша көмек көрсететін роботтарын көрді.
Отанды қорғау, патриоттық рух беретін шараның куәсі болды.
05.04.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «Жас Толқын» ЖДО және алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің психологы Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Жасөспірім кезеңіндегі буллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында психолог толеранттылық пен эмпатияны арттыру, білім алушылардың тұлғааралық қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу және жасөспірімдердің агрессиясы мен қайшылық реакцияларының төмендеуіне, «Бөлініп қабылданбаған» білім алушыларды жалпы ұжымға біріктіруге байланысты топтық жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша психологтан кеңес алды.
“8 МИНУТТЫҚ ОҚУ” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы С. Н. Сулейменова 23 мейігер тобымен қазақтың заңғар жазушысы Ғабиден Мустафиннің “Шығанақ” романын студенттерге оқытып, ондағы кейіпкерлердің бейнесін талдады. Мақсаты: студенттердің көркем әдеби шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру, сөз байлықтарын арттыру. Ғабиден Мустафин шығармаларының ішінде ауыл шаруашылығы саласының еңбек адамдары жазушы шығармашылығында жақсы көрініс тапты. Алғашқы колхоздандыру дәуірінің тарихи кезеңдерін Шығанақ пен Олжабектің басынан басынан кешкен оқиғаларын шындықпен суреттей отырып, “Шығанақ” романының сом тұлғалы кейіпкерлерін калыптастырады. Бірі колхоздастырудан қорқып қашса, бірі сол шаруашылыққа мүше болуға ұмтылады. Студенттер романдағы кейіпкерлерді әрі қарай қызыға талқылады.
“8 МИНУТТЫҚ ОҚУ” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы А. Б. Тлеужанова 12 мейіргер ісі тобымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романын студенттерге оқытып, кейіпкерлерін талқылады. Максаты:білім алушыларды көркем әдебиет оқуға баулу. Шыңғыс Айтматов бұл туындысында заман зарын, адамзаттың трагедиялы тағдырын суреттейді. Студенттер өздері оқыған шығармадағы кейіпкерлерді қызыға талқылады.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
- Қаралды: 144
Ағымдағы жылдың 01.04 – 17.05 аралығында Жоғары медициналық колледжінде «Патриот» айлығы аясында «Әскери-патриоттық» бағытта іс-шаралары өткізіледі.
Іс-шара барысында суреттер байқауы, тақырыптық ерлік сабақтары, водеороликтер мен патриоттық ән челленджі ұйымдастырылады. Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған бабаларымыздың ерліктеріне бас иіп, насихаттауға өз үлесіңді қос!
02.04.2024 ж. №3 емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Дұрыс тамақтану принциптері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында дұрыс тамақтану ережелерін сақтамау салдарынан таралатын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мәселелері айтылды, сондай-ақ иммундық жүйе мен жалпы денсаулық үшін салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мәселесі көтерілді. Тамақтану профилактикасы мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.