8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  2024 ж. 10 сәуір күні қолданбалы бакалавриат ОӘБ жоспарына сәйкес Жезказган жоғары медициналық колледж ұйымдастыруымен студенттер арасында «Ғылыми білім негіздері» атты Республикалық онлайн олимпиадасы өтті.   Колледжден қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламасы бойынша 4 студент қатысты. Аренова Венера 131 м/і бак., Табай Асем 133 м/і бак., Серик Айсауле 134 м/і бак., Искакова Ақжүніс 134 м/і бак. Джантемирова Е.К., Марқабаева Ж.Т., Әбдібахи А.Т. арнайы пәндер оқытушылары жетешілігімен. Нәтижесінде, Табай Асем 133 бак. – І орын, , жетекшісі Джантемирова Е.К., Серік Айсауле – ІІ орын, жетекшісі Марқабаева Ж.Т.

  2024 жылдың 10 сәуірінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері Астана қаласының Жоғары медициналық колледжімен бірлесіп «Мен донормын» акциясын өткізді. Қан тапсыру акциясы көп жылдар бойы Жоғары медициналық колледж қызметкерлері мен студенттері үшін жыл сайынғы шара болып келеді.
  Орталық ұжымы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, толық медициналық тексеруден өткен донорл болғысы келетіндерді қабылдады.
  Науқан барысында студенттер мен колледж қызметкерлері ерікті өтеусіз донор болды, еріктілер қатарында тұрақты донорлар да, жауапты кәсіпті алғаш рет шешкендер де болды.
  Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады, өйткені Сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз, яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады!

  10.04.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 11 «Мейіргер ісі» тобы студенттерімен топ жетекшісі С.Н. Сулейменова «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында ашық алаң диалогін өткізді.
Білім алушылар мінез-құлық, адами қарым-қатынас, сыйластық жайлы өз ойларын ортаға салды. Жасөспірімдер арасындағы түсіністік қоғамда өте маңызға ие.

  08.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледждің студенттері арасында Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны А.Н.Шаримбекова, полиция лейтенанты А.Б.Едембаева «Буллингтің алдын алу шаралары» тақырыбында лекция оқып, білім алушылармен кездесті. Кездесу барысында білім алушыларға құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу бойынша ҚР Заңнамаларымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан болған сауалдарға жауап берді.

  08.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжінде «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» онкүндігі басталды. Онкүндік аясында барлық топтар арасында «Қазіргі замандағы мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетінің маңызы» атты тақырыпта бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
111 «Акушерлік іс» тобы, 112 м/і, 111 лаб/д., 114 м\і, 12 стом., 21 м/і, 127 м\і, 123 м/і қ. бакалавр, 124 м/і қ. бакалавр, 122 м\і қ. бакалавр, 121 м/і, 123 м/і, 124 м/і, 121 м/і қ. бакалавр, 126 м/і тобы білім алушыларымен топ жетекшілері «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті», «Үлкенге құрмет- кішіге ізет» атты тақырыптарда өнегелі сабақтарын өткізіп, білім алушыларға қоғамдық орындарда, колледжде өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениеті, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті туралы мәліметтер берді. Қоғаммен байланыстыра мысалдар келтірілді. Студенттер арасында пікір алмасу болды.
#культураповеденияиобщения
#мәдениет
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq

  «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы филиалы ұйымдастырған Астана қаласының барлық денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткен ашық спартакиадаға колледж оқытушылары қатысты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс