8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
19.04.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 08.04-19.04 аралығында өткен «Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті» атты онкүндігінің қорытынды «Арманың мен мақсатыңды жат қылықтан қорға!» атты іс-шарасы өтті.
«Сөйлесу дөңгелегі» алаңында өткен шараға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Діндерді зерттеу орталығы» теолог мамандары Жақсыбек Әділхан, Қасымов Бердімұрат және Астана қаласы №3 емхананың
психологі Демидова Ю.С. шақырылды.
Олар студенттермен ұсынылған тақырып бойынша интерактивті әрекеттерге қатысып, мақсатқа жету жолындағы шешімдермен бөлісті. Қызықты да маңызды өткен шарадан соң қонақтармен естелікке суретке түсті.