+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  2024 жылдың 16 қаңтарында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 113 м/і және 114 м/і топтары арасында «Мен латын тілін білемін» атты латын тілінен сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: «Өтілген тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын тиянақтау, өз бетімен жеке жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту».
  Сайыс тапсырмаларында анатомия және физиология пәндерімен пәнаралық байланыс болғаны байқалды.  Бұл сайысқа студенттер үлкен қызығушылықпен қатысып отырды.  Нәтижесінде, 114 м/і тобы біраз ұпай жинап, дипломмен марапатталды.

  15.01.2024ж. күні, жас мамандарға кардиология қызметінің негізгі стратегиялық бағыты – шұғыл жағдайда тұрғындарға жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету екендігі, тәждік артерияларының жіті жетіспеушілігін жылдам, тұрақты және толық түрде диагностикалау, ол - өлімнің алдын алатындығын жас мамандарға ұғындыру мақсатында «Электрокардиограмманы қалыптастырдың векторлық тұжырымдамасы» атты шеберлік сабағы өтті. Сабақ барысында, жүректің жіті коронарлық синдромы бар пациенттердің көптігін, популяцияның көптігін және өліммен аяқталатынын ескере отырып, уақытылы нақты диагноз қоя біліп, емдеу әдісін қолдану стратегиясын дамыту өте маңызды екендігі, жас мамандардың назарына ұсынылды.

  2024 жылдың 11-12 қаңтарында тәжірибеде дәлелденген жоғары деңгейдегі тиімді технология болып табылатын  «Ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерге патронаждық қызмет ету үлгісімен қамтамасыз ету  әмбебап прогрессивті моделі»   тақырыбында оқыту семинары  өткізілді.  
  Семинар   жаңа патронаждық модель идеяларын тереңірек түсінетін  мейіргерлерді дайындау  және енгізу кезінде қателердің алдын алу мақсатында арнайы пән оқытушыларына арналып өткізілді. Оқыту семинарын ұлттық тренері Жаупанова Зубайда Жумабековна өткізді.

  09.01.2024ж. Жоғары медициналық колледж топ жетекшілерінің семинары өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен оларды іске асыру» атты тақырыпта өткен семинардың Бағдарламасы бекітіліп, топ жетекшілер өз тәжірибелерін ортаға салды.  
  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған семинарда ұлттық құндылықтар Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап бағыты бойынша өткізілген тәрбие сағаттары мен жүргізілген жұмыстары бойынша ой бөлісті.
  Семинарда 134 м/і тобының топ жетекшісі Шмаева К.Қ.,113 м/і қолданбалы бакалавр тобы жетекшісі Манатова К.К., 23 м/і тобының топ жетекшісі Абдирова Г.О., 22 е/і тобының топ жетекшісі Боккарина К.Б., 132 м/і тобының топ жетекшісі Карабаева Ж.С. баяндама жасады.Семинар соңында оқытушылар өз ұсыныстарын білдірді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс