28.02.2024 ж. Жоғары медициналық колледж базасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай адамдар арасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, кішіпейілділік, ізеттілікке насихаттау мақсатында «Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында білім алушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына деген ыстық ықыластарын білдірді. Алдын ала студенттер арасында ұйымдастырылған «Ыстық ықылас – Алғыс айту» челленджінің презентация-видеоролигін көрсетті. Ұлттық бимен ашылған іс-шарада қатысушылар ән орындады, мәнерлеп өлең оқыды. Шара соңында естелікке суретке түсті.