+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  13.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Астана медицина университеті» базасында өткен Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 35 жылдығына орай өткізілетін салтанатты жиынға қатысты. 

  «Қапшағайдан Кабулға дейін» 177 арнайы мақсаттағы жеке жасақ» атты тақырыпта өткен жиында Ауған соғысының ардагерлерін құттақтап, концерттік бағдарлама қойылды. Студенттердің Отан алдындағы борышын адал атқаруға, елін, жерін сүюге, қорғауға деген көзқарасын қалыптастырды.

  13.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында және колледж жатақханасында тұратын студенттерімен Астана қаласы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментiнің жедел уәкілі Файзуллин Жанат Айткабылович кездесті. 

  Кездесу барысында жастар арасында белең алған есірткі қолданудың Заң алдындағы жауапкершілігі жайлы «Есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері және олардың салдары туралы» тақырыбында лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  09.02.2024ж. Жоғары медициналық колледжде ақиық ақын М.Мақатаевтің туылған күніне орай «Поэзия, меніменен егіз бе едің» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кешті 111 м/і тобы студенттері ұйымдастырды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Студенттер ақын шығармасынан көрініс қойды.
  Алдын ала колледж студенттері арасында ақын өлеңдерінен мәнерлеп оқудан онлайн байқауы өтті. Нәтижесі шығарылып, кеш барысында студенттер марапатталды.

Ардагерлерді ардақтау - әдептіліктің белгісі!

🌏Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері, Білім басқармасы және Жоғары медициналық колледжі, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен, жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Ауған соғысы ардагерлерімен ерлік сабақтары өтті.

📌Ерлік сабақтың мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.

🔥Ауған алауы мәңгі жадымызда!

#jassarbaz #jassarbaz_astana #kazakhstan #ерліксабағы #astana #спорт #жассарбаз #ауғансоғысы #ардагерлер

  06.02. 2024 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гиназиясында өткен кәсіби бағдар беру іс-шарасы «Ашық есік» күніне қатысты. Оқытушы А.Бекболқызы, 2 курс студенттері  Аман Айман және Несіпбекқызы Гүльназ мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар жайлы ақпараттар берді.
  Сұранысқа ие медицина мамандығының қыр-сыры, колледж жеткен жетістіктер мен мүмкіндіктер жайлы білім алушыларға материалдар таратты.
#кәсібибағдар

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс