+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  29.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары арасында жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті.  Мерекені колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна ұжымды құттықтау сөзімен ашты. Оқытушыларға креативті грамоталар табыстады.
  Жаңа жылдың сәні жасыл шырша, Аяз ата мен Ақшақар шараның көркін ашты. Жаңа жылдық мерекеге тарту ретінде әр цикл оқытушылары әртүрлі кино-фильм немесе мультфимдерден үзінділер көрсетті, сценкалар қойып, тілектерін білдірді. Өте көңілді өткен Жаңа жыл кешінің соңы биге ұласып, оқытушылар еселікке суретке түсті. 
  Жаңа 2024 жыл –  Ұлу жылы құтты болсын ағайын!

       2023 ж. 28  желтоқсан  күні  колледжде әдістемелік кеңес отырысы өтті.  Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастылды:

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау. Баяндаушылар: Ахметова Г.Б., Рахманбердыева З.Х.,  Копбаева Е.Н.                                                                                               
  2. «Үздіксіз медициналық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы». Біліктілікті арттыру бөлімінің жұмыс есебі. Баяндаушы Байленов А.Е.                                                      
  3. Оқу үрдісінде критериалды бағалау жүйесін  қолдану. Баяндаушы: Тлеужанова А.Б.
  4. Құқықтық оқулар «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы   № 506 бұйрығы.  Баяндаушылар: Сулейменова С.Н, Жаупанова З.Ж.                                                                                      
  5. Отырыс барысында   оқылған  баяндамалар  бойынша  сұрақтар көтереліп,  талқыланды.

  27.12.2023 ж. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқу-әдістмелік бірлестігінің «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес «Республикадағы мейіргер ісін дамыту. Ғылым. Ізденіс. Инновация» тақырыбында V Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.  

  Конференцияға  қатысу үшін  21 ҚР Жоғары медициналық колледждерден  72  өтінім түсті с (жұмыстарды баяндау  – 43, конференция жинағына мақала жариялау – 29).

  19-25.12.2023 ж. күндері аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Психология – ғажайыптар әлемі» атты психологиялық апталық өтті. Апталық барысында педагог-психолог Р.М.Құлахметованың ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету  мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған топтар арасында психологиялық сайыстар, тренингтер өтті. Жас оқытушылармен тренинг-сабақ өткізілді.
  Қорытынды кеште, жүлдегер топтар арасында ұйымдастырылған сайыста зерттеулердің маңыздылығы, тапсырманы орындау дәлдігі,  топтың ұйымшылдығы және өзге топпен қарым-қатынас мәдениеттілігін бағалау барысында, 114 м\і тобы бас жүлдені иеленсе, өзге топтар «Жаңашыл топ», «Ұйымшыл топ» атты номинацияларды иеленді. Психологиялық апталық, оқытушылар мен студенттерге әдемі көңіл-күй сыйлады.

Жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2023-2024 оқу жылының 11-23 желтоқсан аралығында

 «Игіліктің барлығы-ғылымда, ұлылық -танымда» атты

10 күндік марафон өткізілді

Жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс