+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  14.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде» атты салтанатты іс-шарасын өткізді. 
  Қазахстан Республикасының Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран орындалды. Колледж директоры Саржанова А.Н. келген қонақтарды, оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап іс-шараның бет пердесін ашты.   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай  тұңғыш рет «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы ашылу рәсімі өтті. «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелігіне қабылдау үшін Жас Сарбаз қозғалысы Астана қалалық филиалының төраға орынбасары Маханбет Айдархан Шыңғысханұлы клуб мүшелеріне куәлік табыстады.   
  Мерекелік шараға Ауған соғысының ардагері Нұртаев Ғалым Абдыхамитұлы, Тастаганов  Алимжан Сейтханович, Чернобыль атом-электр стансасының апаттық зардабын жою жолында Отан алдындағы борыштарын атқарған Жумадилов Данияр Мухамеджанович, Кездекбаев Мақсат Джумашевич шақырылды.  Ән айтылып, би биленді, қонақтарға құрмет көрсетілді. Шара соңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері қонқтармен естелікке суретке түсті.

  2023 жылдың 14 желтоқсанда Астана қаласы Жоғары медициналық колледж акт залында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай патриоттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға колледж кітапханашылары "Тәуелсіздік - ел тұғыры" атты кітап көрмесін жасады.

  09.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж дебат клубы мүшелері «Ақиқат сыйы» командасының белсенділері 11 м/і тобы студенттері Шымырбай Ұлпан, Айтжанова Ақнәзік «Ауыл» ХДПП Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткен «Shanyraq CAP» пікірсайыс турнирінде ІІІ-орын Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

  2023 жылдың қазан айында Астана  қаласы техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары педагогтерінің  инновациялық жұмыстары қалалық байқауы өтті.  Байқауға колледжден 7 оқытушы қатысты: Мусажанова М.К., Кулахметова Р.М., Рахманбердыева З.Х., Шокеева А.С., Карабаева Ж.С., Анарова А.А., Тургынова Ж.О.  2023 жылдың 09 қараша күнінің хаттамасына сәйкес  ІІ орынға ие болған  педагог-психолог Кулахметова Р.М. Желтоқсанның  8 күні  Әдістемелік орталығында  Марапаттау рәсімі өтті. 

  Құттықтаймыз!

  2023 ж. 07 желтоқсанда Жоғары медициналық колледж 22 «Мейіргер ісі»  және  22  «Стоматология»  топтарының студенттері   онлайн форматында Омбы мемлекеттік медициналық университетінің ұйымдастыруымен  «Ұлы Отан соғысының батырлары» атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Қатысушы студенттердің жетекшілері – әлеуметтік-экономикалық  пәндер оқытушылары: Акбергенова А.И., Сулейменова С.Н., Курмашев Б.Н.  Студенттер  Еліміздің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлар туралы зерттеу жұмыстарын дайындап,  баяндама жасады. Конференция барысында өзекті сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Конференция жұмысы өз мәресіне жетті.

  07.12.2023 ж. Жоғары медициналық колледж студенттеріне ҚР БП жанындағы арнайы есепке алу құқықтық статистика комитетінің қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің прокуроры Кожахметова Альмира Болатовна, Астана қаласы бойынша Департаментінің прокуроры Шыңғыс Алдияр Жәнібекұлы «Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар», «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар», «Есірткі қылмыстары», «Кәмелетке толмағандар ортасының суицидтері» атты тақырыптарда дәріс оқыды. Студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауап беріп, құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты бейне-ролик көрсетті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс