Жоғары медициналық колледж 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде» атты салтанатты іс-шарасын өткізді
- Қаралды: 257
14.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде» атты салтанатты іс-шарасын өткізді.
Қазахстан Республикасының Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран орындалды. Колледж директоры Саржанова А.Н. келген қонақтарды, оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап іс-шараның бет пердесін ашты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай тұңғыш рет «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы ашылу рәсімі өтті. «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелігіне қабылдау үшін Жас Сарбаз қозғалысы Астана қалалық филиалының төраға орынбасары Маханбет Айдархан Шыңғысханұлы клуб мүшелеріне куәлік табыстады.
Мерекелік шараға Ауған соғысының ардагері Нұртаев Ғалым Абдыхамитұлы, Тастаганов Алимжан Сейтханович, Чернобыль атом-электр стансасының апаттық зардабын жою жолында Отан алдындағы борыштарын атқарған Жумадилов Данияр Мухамеджанович, Кездекбаев Мақсат Джумашевич шақырылды. Ән айтылып, би биленді, қонақтарға құрмет көрсетілді. Шара соңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері қонқтармен естелікке суретке түсті.